АУЫЛ ЖАСТАРЫ – БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы «Жанкент жастары» жастар ұйымының ұйымдастыруымен, «Жанкент ауылдық мәдениет үйі» МКҚК жанындағы «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Сұхбат TIME» жобасы аясында «Ауыл жастары – болашақтың бастауы» атты тағылымды әрі мазмұнды пікірлесу, сазды кеш өтті.
📚 Іс-шара ауылдық кітапхана мен ауыл жастарының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылып, негізгі мақсаты – туған жеріміздің бай тарихын, рухани мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, елжандылық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Кештің шымылдығын ауылдық жастар ұйымының төрағасы, Жанкент ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Мурзалиев Талап Алтынбекұлы ашып, жүргізді.
✨ Кеш қонақтары ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Атшабар Ақжүніс пен Арқалық педагогикалық университетінің студенті Нағидулла Нұрайым қатысып, туған жерге деген сүйіспеншілік, жастардың қоғамдағы орны және тарихи құндылықтарды сақтау жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.
📖 «Жастар – қоғамның басты байлығы» тақырыбы аясында ауылдық кітапханашы Назерке Әлібекқызы мен жас маман Әбдуәли Шапағат өз көзқарастарын ортаға салып, жастардың ел болашағындағы маңызын ерекше атап өтті.
🎼 Кештің көркін Жанкент ауылдық мәдениет үйінің басшысы Рсалы Болатбек Сырашұлы мен жас домбырашы Бақтияр Ануарұлы еселей түсіп, Дәулеткерейдің «Құдаша» күйі мен «Сенің көзің» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
🎤 Сонымен қатар, кәсіпорын сүйемелдеушісі Алиев Ануар «Түрлі арман» әнін орындап, кештің әсерін одан әрі арттыра түсті.
Іс-шара соңында ауылдық жастар ұйымының төрағасы Жанкент жастарына ақжарма тілегін арнап, жастардың бірлігі, мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлығы жайлы ой бөлісіп, барлық қатысушылар мен өнерпаздарға шынайы алғысын білдірді.
🤝 Осындай тағылымды кештің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық ұйымдастырушыларға, қонақтарға, өнерпаздар мен белсенді жастарға зор ризашылығымызды білдіреміз!
Ауыл жастары – ел ертеңі, ұлт болашағы! Бірлігі жарасқан жастар барда туған жердің тұғыры әрдайым биік болмақ! 🇰🇿💙

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1257489?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді