Сандықтау ауданында вольфрам-молибден кен орнын игеру жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Есіл-Mining» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ақсоран ауылдық округінің аумағында орналасқан вольфрам-молибден кен орнын игеру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі қажетті инфрақұрылымды салу мәселесі болды. Қазіргі уақытта кен орнына электр беру желісін тарту және автомобиль жолын салу мәселелері қарастырылуда.
Жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға және Сандықтау ауданы экономикасының одан әрі дамуына серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1257523?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді