
📢 1 шілдеден бастап жаңартылған халықаралық жіктеу негізінде әзірленген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) жаңа редакциясы қолданысқа енгізіледі.
ℹ️ Қолданыстағы ЖК мен ЖШС-лардың басым бөлігі үшін жаңа кодтарға көшу автоматты түрде 🔄 – бұрынғы кодтарды жаңаларымен сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
❗️Алайда барлық өзгерістер қарапайым болмайды.
🆕 Кейбір экономикалық қызмет түрлеріне жаңа кодтар берілді, ал кейбір кодтар ➗ бірнеше нақтырақ кодтарға бөлінді.
⚠️ Сондықтан автоматты көшіру барысында қателіктердің болу мүмкіндігін толық жоққа шығаруға болмайды.
✅ Сондықтан көшу аяқталғаннан кейін сіздің ЖК немесе ЖШС-ңызға қандай ЭҚЖЖ коды берілгенін тексеруді ұсынамыз.
🤔 Бұл не үшін жасалды?
📈 Мұндай жіктеуішті жаңарту кезең-кезеңімен жүргізіліп отырады, себебі:
– 🆕 экономикалық қызметтің жаңа түрлері пайда болады;
– 👨💼 жаңа кәсіптер қалыптасады;
– 💼 бизнестің жаңа бағыттары дамиды;
– 🎯 қолданыстағы қызмет түрлерін неғұрлым нақтылау қажеттілігі туындайды.
📋 Жаңа редакцияда:
1️⃣ ✍️ экономикалық қызметтің жекелеген түрлері нақтыланып, егжей-тегжейлі жіктелді;
2️⃣ 🗑️ ескірген кодтар алып тасталды;
3️⃣ ➕🆕 бизнестің заманауи бағыттарын қамтитын жаңа кодтар енгізілді.
📌 Бұл жолғы елеулі өзгерістер төмендегі салаларға қатысты болды:
🛒 сауда;
🧳 туристік қызмет;
📦 курьерлік қызметтің жекелеген түрлері.
📲 Өзгерістердің толық тізімін карусельден көре аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1257630?lang=ru

Жауап қалдыру