Шымкент қаласының №1 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Спорт – тәртіп пен төзімділіктің мектебі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының №1 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Спорт – тәртіп пен төзімділіктің мектебі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға дзюдо, таеквондо, каратэ-до, бокс, кикбоксинг, джиу-джитсу, еркін күрес және грек-рим күресі түрлерінің спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты.

Кездесу барысында спорттың тек физикалық дайындықты жетілдіретін құрал ғана емес, сонымен қатар жастардың бойында тәртіп, жауапкершілік, төзімділік, табандылық пен патриоттық құндылықтарды қалыптастыратын маңызды тәрбие мектебі екені кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын дәріптеу, ұлттық және рухани құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері кеңінен сөз болды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1257636?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді