Жамбыл ауылдық округінің жаңадан сайланған әкіміне куәлік табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 шілдеде Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып сайланған Биримкулов Айдар Бекмуханбетовичке тиісті куәлік табысталды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 11) тармақшасына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Сырлыбаев жаңадан сайланған ауылдық округ әкімімен кездесу өткізіп, оған әкім куәлігін табыстады.

Кездесу барысында сайлау комиссиясының төрағасы Айдар Бекмуханбетовичке жауапты қызметінде табыс, ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілеп, ауыл тұрғындарының сенімін ақтап, алдағы міндеттерді абыроймен атқаруына тілектестігін білдірді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1257729?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді