
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер, тұрғын үй алу кезегі және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, әрбір мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілуде.
Қабылдауға аппарат басшысы, қала әкімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің мамандары да қатысып отыр. Кездесу барысында көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті жауапты мекемелерге жолданатын болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1257936?lang=ru

Жауап қалдыру