Балалардың түнгі серуені – жауапкершілікке негіз болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәртіп сақшылары түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Мұндай құқық бұзушылықтар балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, ата-аналар мен ойын-сауық орындарының иелері үшін де әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Профилактикалық іс-шаралар барысында Павлодар қаласындағы компьютерлік клубтардың бірінде полицейлер түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Сондай-ақ, тағы бір жасөспірім заңды өкілінсіз қаланың ойын-сауық орындарының бірінде болған.

— Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген мекеме әкімшісіне қатысты да әкімшілік материалдар толтырылды, — деді Павлодар облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргені үшін 1675 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 848 заңды өкіл жауапқа тартылған.

Павлодар облысы полиция департаменті ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі үшін ең алдымен өздері жауапты екенін еске салады. Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргенін бақылап, араласатын ортасына көңіл бөліңіздер және оларды түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде немесе ойын-сауық орындарында болуына жол бермеңіздер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1257960?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді