
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Алтынбекұлы Садырбаев Жамбыл облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Shatyrkol-Jaysan Tau-Ken Ondirisi» филиалында болды. Вице-министр кәсіпорынның қауіпті өндірістік нысандарын аралап, жұмыс барысымен және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейімен танысты.
Кездесуде жер асты шахталарындағы, атап айтқанда, газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өндірістік бақылау қызметінің тиімділігі мен қауіпсіздік ережелерінің орындалу жай-күйіне жан-жақты талдау жасалды.
Жиын қорытындысы бойынша заңнамалық талаптарды қатаң сақтау, жазатайым оқиғалар мен авариялардың алдын алу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту жөнінде нақты міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1257953?lang=ru

Жауап қалдыру