Кезекті брифинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылғы 14 шілдеде Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде мобильді банктік қосымшаларды, QR-төлемдерді және POS-терминалдарды пайдалану кезінде бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша брифинг өтті.
        Брифингтің спикері Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы А.Альсеитов. болды.
       Брифинг барысында төлем тәсіліне қарамастан ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдануға қатысты салық заңнамасының талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ мобильді банктік қосымшаларды, QR-төлемдерді және POS-терминалдарды пайдалану, фискалдық чектерді беру тәртібі, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері жиі жіберетін бұзушылықтар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
        Сонымен қатар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік мәселелері қаралып, кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға түсіндірмелер берілді. Атап айтқанда, Kaspi QR арқылы төлем жасалған кезде фискалдық чекті беру қажеттілігі, POS-терминалдарды пайдалану және әрбір ақшалай есеп айырысу кезінде фискалдық чекті рәсімдеу тәртібі жөніндегі сұрақтар қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1257949?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді