
Түркістан облысы ТЖД жеке құрамына психологиялық саулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында профилактикалық кездесу өткізілді.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының психологиялық саулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр және нарколог дәрігерлері қатысып, суицидтің алдын алу, психикалық бұзылыстар мен ойынқұмарлықтың себептері мен белгілері, сондай-ақ олардың алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар нашақорлық, алкоголизм және темекі шегудің адам денсаулығына тигізетін зиянына тоқталып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Кездесу жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын арттыруға және денсаулықты сақтауға бағытталған пайдалы ақпараттармен толықтырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1258068?lang=ru

Жауап қалдыру