
Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, логистикалық, қаржылық, ақпараттық және аналитикалық қолдауды қамтамасыз ететінін хабарлады.
Президент Халық Кеңесі Әділ Қазақстанды құруда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесі мен мемлекеттік органдар, ұйымдар, азаматтық қоғам институттары және халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Президент сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Ассамблеясының бірінші сессиясына сапалы дайындық жүргізу қажеттілігіне назар аударды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1258225?lang=ru

Жауап қалдыру