
«Заң және тәртіп» идеологиясының құндылықтарын ілгерілету аясында Қаратал ауылдық округі әкімінің аппаратында «Жауапты азамат және заң үстемдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Қаратал ауылдық округінің әкімі С. Әлімбаев пен округ әкімі аппаратының заңгері А. Абдулданова сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысына Қаратал ауылдық округіндегі мекеме басшылары мен округ белсенділері қатысты.
Кездесу барысында құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңнаманы сақтау, Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, азаматтардың өтініштерін қарау, сұраныстар мен шағымдарға жедел ден қою, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1258245?lang=ru

Жауап қалдыру