
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мессенджерлерде (whatsApp, telegram және т.б.) қызметкерлер мен басшылық атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат жіберетін алаяқтардың жиілеп кеткені туралы ескертеді.
Жалған ақпараттық таратуларға сенбеулеріңізді, күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді, сондай-ақ қаражат аудармауларыңызды өтінеміз.
Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Мұндай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.
Барлық мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстары, оның ішінде тексеру шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын естеріңізге саламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1258320?lang=ru


Жауап қалдыру