Қарағанды техникалық университеті Silk Road STEM Corridor бастамасына қосылуды көздеп отыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді. Оқу орны білім беру, ғылым және инновацияларды дамыту мақсатында Қазақстан мен Германия университеттерін біріктіретін Silk Road STEM Corridor бастамасының қатысушысы болуды жоспарлап отыр.

Университеттің хабарлауынша, Қарағандыда Магдебургтегі Отто фон Герике университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар ынтымақтастықты дамыту әлеуетін, бірлескен жобаларды іске қосу және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қонақтар Silk Road STEM Corridor бастамасының тұжырымдамасын таныстырды.

«Бұл бастама Германия мен Орталық Азияның бес мемлекетінің университеттерін ортақ академиялық кеңістікке біріктіруге бағытталған. Жоба студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуды, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруды және STEM саласында халықаралық жобаларды жүзеге асыруды көздейді», – делінген Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ хабарламасында.

Қазіргі таңда Қарағанды техникалық университетінің бастамаға пилоттық режимде қосылу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл қадам инженерлік және техникалық мамандарды даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ университеттің жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1258315?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді