
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен әділдік – елдің іргетасы» жобасы аясында аудан тұрғындарына арналған тегін заң консультациясы өткізілді.
Іс-шараға Әділет департаментінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, медиаторлар, адвокаттар және кәсіби заңгерлер қатысып, тұрғындарға тұрғын үй, отбасы, еңбек, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер мен практикалық көмек көрсетті.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты алдағы уақытта да тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1258346?lang=ru

Жауап қалдыру