
Ақсуат мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары М.Қайырбековтың төрағалығымен “Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған несиелеу бағдарламаларын жалғастыру негізінде түсіндіру жұмыстары бойынша” семинар-жиын өткізілді.
Онда Абай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Е.Сайлауғалиев, «Агро-Несие корпорациясы» АҚ-ның өкілі несие бөлімінің бас маманы Д.Мусина, «YTO» Агротехменеджмент өкілі Е.Мусин, «YTO» Агротехменеджмент өкілі М.Рахимов, «Семей» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның маманы және аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры мен маманы, ауылдық округ әкімдері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке тұлғалар қатысып отырды.
Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары өздерінің ой-пікірлерін жеткізіп, қойған сұрақтарына мамандар жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/1258373?lang=ru

Жауап қалдыру