Жазғы кезеңде балалардың демалысын сауықтырылуын ұйымдастыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың жазғы балалар сауықтыру ұйымдарында болу және оларды тамақтандыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып қала береді, өйткені олар жаппай тамақтан улану мен ішек инфекцияларының туындау бөлігінде жоғары санитариялық-эпидемиологиялық қауіп төндіреді.

 

Лагерьдің жұмысқа дайындығы  Санитарлық қағидалар  талаптарына сәйкестігін бағалаумен, балалардың денсаулығының нашарлауына әкелмейтін оңтайлы тұру, тамақтану, медициналық қызмет көрсету жағдайларын жасаумен анықталады.

 

Жазғы сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы №ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттелген (әрі қарай – Санитариялық қағидалар).

 

Сонымен, бірінші кезекте, маусымдық жазғы сауықтыру  қызметін жүзеге асыратын әрбір заңды және жеке тұлға объектіге Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті. Санитариялық қағидаларда  көрсетілгендей, лагерь аумағы қоршалған болуы керек. Бұдан басқа, объект қауіпсіз ауыз сумен, ыстық сумен, кәрізбен, жарықпен, желдетумен қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Барлық үй-жайлар таза болуы, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы іс-шаралар объекті ашылмас бұрын жүргізілуі керек. Объектілердің жиһаздары мен жабдықтары балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

 

Балалардың белсенді өсуі жазда болады. Осыған байланысты балалардың тамақтануы ұтымды және физиологиялық ерекшеліктерін қанағаттандыруы керек.  Бұл объект басшысы бекіткен перспективалық мәзірді құруды қарастырады. Калория бойынша перспективалы мәзірге енгізілген тағамдар балалардың энергия шығындарын толтыруы керек. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.

 

Объектінің жауапты тұлғалары тамақтану пунктіне қабылданған өнімнің сапасын, өнімді сақтау шарттары мен мерзімдерінің сақталуын, тәуліктік үлгіні дұрыс таңдау мен сақтауды, тамақ дайындау технологиясының сақталуын, жекелеген қызметкерлер мен асхана кезекшілерінің гигиеналық ережелерді сақтауын тексереді. Дайын тағамдарды тарату медицина қызметкерінің дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгеннен кейін жүзеге асырылуы керек. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы қабылдануы тиіс.

 

Медицина қызметкерлері сырқаттанушылықты азайтуға және балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Бұдан басқа, үй-жайларды, аумақтарды, жүзу және спортпен шұғылдануға арналған орындарды дайындауды, балалардың денсаулығын динамикалық бақылауды, қызметкерлердің дене шынықтыру, сауықтыру, профилактикалық медициналық тексерулерін уақтылы жүргізуді қадағалауы тиіс. Барлық қызметкерлердің жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуға міндетті.

 

Жазғы сауықтыру маусымы жалғасуда. Балалардың жазғы мезгілде бос уақытын ұтымды пайдаланып, сапалы сауығуына атсалысайық.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1258388?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді