ШҚО-да бәсекелестік заңнамасын бұзу бойынша 6 дерек анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында бәсекелестік заңнамасы талаптарын бұзу бойынша 6 хабарлама жолданды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Аслан Әліппаевтың мәліметінше, олар денсаулық сақтау, сұйытылған мұнай газын бөлу, лифтілерге техникалық қызмет көрсету, қанттың көтерме саудасы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелері салаларына қатысты. Бес хабарлама толық орындалса, біреуі әлі орындалу сатысында.

Бұдан бөлек, департамент квазимемлекеттік сектордың 28 нысанына мониторинг жүргізіп, жеке бизнестің дамуына кедергі келтіретін жайт анықталған. Бұл жұмыстың мақсаты – нарықтағы ашық бәсекелестікті қамтамасыз етіп, кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндік қалыптастыру.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1258406?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді