Қонаев кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапқа толы көңілді жаз» әдеби кеші өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді өткізуге баулу – кітапхананың басты мақсаттарының бірі.

Осы мақсатта Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаз кітаппен қызық» жобасы аясында «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығында «Кітапқа толы көңілді жаз» атты әдеби-мерекелік кеш өтті.

Кітап пен шығармашылықты тоғыстырған әсерлі шара барысында лагерь демалушылары қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға белсене қатысып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар әдеби викториналарда бақ сынап, сұрақтарға тапқырлықпен жауап беріп, өздерінің білімдерін, ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін танытты.

Кештің әр сәті көтеріңкі көңіл күйге, шат күлкіге және танымға толы болды. Әдеби ойындар мен қызықты тапсырмалар балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, кітаппен өрілген жазғы демалыстың есте қаларлықтай әсер сыйлағанын ерекше атап өтті. Осындай тағылымды кездесулер балалардың рухани дүниесін байытып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1258509?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді