Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының командасы республикалық спартакиаданың жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына және өңірлік тексеру комиссияларының 15 жылдығына арналған республикалық спартакиада өтті.

Спартакиада Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-нің, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының өкілдерін біріктіріп, корпоративтік өзара іс-қимылды нығайтуға, командалық рухты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының командасы волейболдан III орынға ие болып, ұйымшылдығын, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Жеке есепте Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкері Байзақов Тлек шахматтан өткен жарыста II орын иеленіп, өзінің жоғары спорттық шеберлігін дәлелдеді.

Сонымен қатар, марапаттау рәсімінде Абай облысының спорттық командасы «Үздік қорғаушы», «Трибунаның алтын дауысы», «Ең үздік спорттық форма» номинацияларымен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта кәсіби қызметте де, спортта да жаңа биіктерді бағындыруларына тілектеспіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/1258525?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді