
Сандықтау ауданында кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізуге арналған семинар-тренинг өтті.
Іс-шара жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастырудың тиімді тетіктерін дамытуға бағытталды. Семинар барысында балаларды интернаттық ұйымдарға орналастырудың алдын алу мақсатында оларды уақытша кәсіби қабылдаушы отбасыларға орналастыру, сондай-ақ баланың құқықтық мәртебесі айқындалып, одан әрі орналастыру нысаны белгіленгенге дейін жан-жақты қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Семинар жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі, «Ана Үйі» қоғамдық қорының өңірлік үйлестірушісі Құралай Жұмабекова, Ұлттық бала асырап алу агенттігінің психологы, практик-психолог Эсет Құсиева, сондай-ақ Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар кәсіби қабылдаушы отбасы институтының негізгі қағидаттарын, қабылдаушы ата-аналарды даярлау және сүйемелдеу мәселелерін, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1258582?lang=ru

Жауап қалдыру