
Қазіргі таңда интернет пен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты интернет-алаяқтық қылмыстарының саны артып келеді.
Осыған байланысты 1–31 шілде аралығында өткізіліп жатқан «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түпқараған ауданы Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, жеке және қаржылық мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңестер берілді. Атап айтқанда, банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және жеке ақпараттарды бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ тек ресми интернет-ресурстарды пайдалану қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, киберқауіпсіздік талаптарын орындауға және алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1258617?lang=ru

Жауап қалдыру