Көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетел азаматтарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері шетел азаматтарымен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі, көші-қон заңнамасының талаптары және белгіленген ережелерді сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, шетел азаматтарына құжаттарды уақытылы рәсімдеу, тіркеу тәртібін сақтау, көші-қон талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасының заң талаптарын құрметтеу және құқықтық нормаларды қатаң ұстану қажеттігі атап өтілді.

Полиция қызметкерлері шетел азаматтарын көші-қон заңнамасын сақтауға және Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіп талаптарын орындауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1258629?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді