Қостанай облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы іс бойынша бірінші саты сотының шешімін қайта қарады.
Жер учаскесін мемлекет қажеттіліктері үшін иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарламаны алғаннан кейін меншік иесі жылжымайтын мүлік объектісін реконструкциялауды жүргізіп, оның алаңын ұлғайтты, бұл мәлімделген сатып алу құнының айтарлықтай өсуіне әкелді.
Сот меншік иесінің мұндай әрекеттері өтемақы мөлшерінің негізсіз ұлғаюына себеп болғанын таныды.
Осыған байланысты істі қарау нәтижелері бойынша бірінші саты сотының шешімі өзгертілді, ақшалай өтемақы мөлшері 273,9 миллион теңгеден 155 миллион теңгеге дейін азайтылды.
Бұл тәжірибе бюджеттік қаражатты негізсіз жұмсауды жоюға, сондай-ақ адал емес мінез-құлықтан пайда табуды тоқтатуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1258626?lang=ru

Жауап қалдыру