Ұлттық домбыра күніне орай №43 мекемесінде мәдени-рухани іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық өнерге деген құрметті арттыру, сондай-ақ сотталған азаматтардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту.

Мерекелік шара барысында қазақтың қасиетті қара домбырасының тарихы мен тағылымы кеңінен насихатталып, күмбірлеген күй орындалды. Қатысушылар ұлттық өнердің тәрбиелік мәні туралы ой бөлісіп, халқымыздың рухани мұрасын сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Осындай тағылымды шаралар сотталған тұлғалардың мәдени танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға және олардың қоғамға оң көзқарасын дамытуға ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1258630?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді