
Жарлыөзек ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, ашықтық пен әділдікті дәріптеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Кездесу соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1258714?lang=ru

Жауап қалдыру