«КӨҢІЛДІ ЖАЗ – БАҚЫТТЫ БАЛА» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«КӨҢІЛДІ ЖАЗ – БАҚЫТТЫ БАЛА» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен балалардың психологиялық саулығын нығайтуға және жазғы демалысын мазмұнды өткізуге бағытталған «Көңілді жаз – бақытты бала» психологиялық тренингі өтті.

Іс-шараға «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-сі және «Айкөмек» дағдарыс орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Тренинг барысында балаларға арт-терапия және аква-терапия элементтері ұсынылып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эмоциялық жай-күйін жақсартуға және өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік талаптары жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті. Іс-шараға Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Әбдәкімов, әлеуметтік серіктестер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, балаларға жылы лебіздерін білдірді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhastar-shymkent/press/news/details/1258749?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді