Департамент Атырау облысында дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға тиіс дәрілік заттарды рецептісіз босату фактілері анықталатынын хабарлайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент Атырау облысында дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға тиіс дәрілік заттарды рецептісіз босату фактілері анықталатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінің 233-бабы 5-тармағы негізінде дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады. Рецептілер қағаз және (немесе) электрондық түрлерде жазып беріледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауының 16-тармағына сәйкес дәрігердің рецептісі бойынша босатуға жататын дәрілік заттар рецептісіз өткізуге жатпайды.

Сонымен қатар фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзғаны, оның ішінде дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізгені үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1258837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді