Құрметті пайдаланушылар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік және көліктік бақылау комитеті «Көлік дерекқоры» ақпараттық-талдау жүйесінің жаңа деректер орталығына көшірілуіне байланысты, 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 18:00-ден бастап аталған жүйенің жұмысы және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Техникалық жұмыстарды аяқтаудың және жүйенің жұмысын қалпына келтірудің болжамды уақыты 2026 жылғы 19 шілде, сағат 23:00.

Рұқсат құжаттарын алуды, тиісті өтініштерді тапсыруды және қажетті рәсімдерді техникалық жұмыстар басталғанға дейін алдын ала аяқтауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңызға алғыс айтамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1258902?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді