ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРДЫ ҚОСА АТҚАРУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҒЫН КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ УАҚЫТША БОЛМАҒАН ЖҰМЫСКЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУ (АЛМАСТЫРУ) АРҚЫЛЫ ҚОСЫМША ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУДЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚОСЫМША АҚЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІН БЕРУДІ РЕТТЕЙТІН НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРЕМІЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лауазымдарды қоса атқару

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, лауазымдарды қоса атқару – жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы.

Бір ұйымда еңбек шартында көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төленеді.

Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін төленетін қосымша ақының мөлшері орындалатын жұмыстың көлеміне қарай жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша айқындалады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 18-қосымшасының 5-тармағына сәйкес негізгі лауазымы (кәсібі) бойынша жұмыс уақыты шегінде қосымша жұмыс орындайтын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейткені) үшін жұмыскердің лауазымдық айлықақысының 50 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы көзделген.

Бұл ретте азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы және сауықтыруға арналған жәрдемақы тек негізгі жұмыс орны бойынша ғана төленеді.

Жұмыскер қосымша жұмысты орындаудан бас тартуға, ал жұмыс беруші оны орындау туралы тапсырманың күшін жоюға құқылы. Бұл туралы екінші тарапқа қосымша жұмысты тоқтатуды кемінде үш жұмыс күні бұрын хабарлануға тиіс.

Қосымша жұмысты орындау туралы тапсырма мерзімінен бұрын күшін жойған немесе жұмыскер қосымша жұмысты орындаудан бас тартқан жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге нақты жұмыс істеген кезеңі үшін жалақысын төлеуге міндетті (Кодекстің 111-бабы).

Сондай-ақ, лауазымдарды қоса атқарған кезде еңбек кітапшасына жазба енгізілмейтінін және бұл туралы мәліметтер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізілмейтінін атап өткен жөн.

 

Лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағын кеңейту

және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау (алмастыру)

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабына сәйкес жұмыскерлерге жүктелетін қосымша жұмыстар мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

  1. лауазымдарды қоса атқару – жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы;
  2. қызмет көрсету аймағын кеңейту – жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген негізгі жұмысымен қатар белгіленген жұмыс күні (ауысымы) ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты орындауы;
  3. уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау (алмастыру) – жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа немесе сол лауазым бойынша уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін қосымша орындауы.

Яғни, жоғарыда көрсетілген жағдайларда қосымша жұмыс негізгі жұмыс бойынша белгіленген жұмыс уақыты шегінде орындалады.

Бір ұйымда еңбек шартында көзделген негізгі жұмысымен қатар басқа немесе сол лауазым бойынша қосымша жұмысты не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төленеді.

Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін төленетін қосымша ақының мөлшері орындалатын жұмыстың көлеміне қарай жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша белгіленеді.

Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейткені) үшін жұмыскердің лауазымдық айлықақысының 50 пайызына дейін, ал уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындағаны үшін нақты орындалған жұмыс көлеміне қарай қосымша ақы төлеу көзделген.

Қосымша жұмысты орындау туралы тапсырма мерзімінен бұрын күшін жойған немесе жұмыскер қосымша жұмысты орындаудан бас тартқан жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге нақты жұмыс істеген кезеңі үшін жалақысын төлеуге міндетті.

Сондай-ақ, лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағын кеңейту және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау (алмастыру) кезінде еңбек кітапшасына жазба енгізілмейтінін және бұл туралы мәліметтер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізілмейтінін атап өткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1258927?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді