
2026 жылғы 11 шілдеде Ақадыр кентінде Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ақадыр кенті әкімдігі және кентіміздің спорт жанашырларының ұйымдастыруымен дәстүрлі II Aqadyr Trail Run жазғы жүгіру жарысы жоғары деңгейде өтті.
Жарыс 10 және 20 шақырым қашықтықтар бойынша ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Қарағанды облыстарының қалалары мен аудандарынан келген 70-тен астам әуесқой спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жарысты мәреге дейін аяқтаған барлық қатысушыларға арнайы Finisher медальдары табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, ақшалай сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.
Осындай ауқымды спорттық шараның табысты өтуіне қолдау көрсеткен барлық азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Дәстүрлі Aqadyr Trail Run жарысы алдағы жылдары да өз жалғасын тауып, салауатты өмір салтын насихаттайтын маңызды спорттық мерекеге айнала беретініне сенім білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1258988?lang=ru

Жауап қалдыру