
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жасыл Ел» бағдарламасы — бұл жастар үшін жазғы табыс көзі ғана емес, сонымен қатар облыстың орман шаруашылығы өндірісін дамытуға қосылған маңызды үлес. Жыл сайын «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша мемлекеттік орман шаруашылықтарына 323 сарбаз жұмысқа қабылданады, олар 12 орман шаруашылығына бөлінген, шілде айына қарай 183 сарбаз қабылданып үлгерді.
Сарбаздар қатысатын негізгі жұмыстар бұл орман тәлімбақтарындағы күтім жұмыстары (суару, арамшөптерді жұлу) және жас екпелердегі жұмыстар (негізгі тұқымға кедергі келтіретін қажетсіз өсімдіктерді тазарту), орман тұқымдарын дайындау, орман қоры мен су қоймаларының аумағын абаттандыру (тұрмыстық қоқыстарды, өтімсіз сүректі жинау) және т.б.
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының қызметі Мемлекет басшысының бастамасымен 2005 жылы басталды. Жиырма жыл ішінде жоба мыңдаған бейжай қарамайтын қазақстандықтардың басын біріктіретін еліміздегі ең ауқымды әрі танымал жастар қозғалыстарының біріне айналды.
Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қозғалысты үйлестірумен «Жасыл Ел» ЖЕЖ РШ облыстық филиалы айналысады. Штаб-пәтер орман шаруашылықтарымен және Басқармамен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, жыл сайын жүздеген оқушылар мен студенттерге қабылдау ашады.
Бағдарлама жасөспірімдер мен жастарға қоғамға пайда әкеліп қана қоймай, алғашқы ақшаларын табуға бірегей мүмкіндік береді.
Сарбаздардың жалақысы жыл сайын индекстеледі. Көптеген жас сарбаздар үшін «Жасыл Ел» еңбек кітапшасындағы алғашқы ресми жазба болып табылады.
Бұл бағдарлама командада жұмыс істеудің құнды тәжірибесін алуға және тәртіпке, жаңа достар табуға және бүкіл өңірдегі белсенді жастармен танысуға көмектеседі. Және де маңыздысы – экологияға үлес қосу: туған жерін таза әрі жасыл ету.
Жастар жасақтары сарбаздарының саны жыл сайын өсіп, қазіргі жастардың өз Отанының игілігі үшін еңбек етуге дайын екенін дәлелдейді.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі
С.Е. Сүлейменова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1259004?lang=ru

Жауап қалдыру