«Qyzyljar» экопаркі, түрік инвесторларының аквапаркі және халықаралық Sabantui: облыс орталығында қандай маңызды жобалар жүзеге асырылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавл қаласында қалалық инфрақұрылымды дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда.

Солардың бірі – «Qyzyljar» экопарғы аумағында түрік инвесторларының қатысуымен заманауи аквапарк салу жобасы. Қазіргі уақытта жер телімі айқындалып, жоба пысықталуда. Демалыс кешені бір мезгілде шамамен 2 мың адамды қабылдауға есептелген. Құрылыс жұмыстарын биыл бастау, ал нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

25–26 шілде күндері Петропавлда халықаралық Qyzyljar Sabantui – 2026 татар халық мерекесі өтеді. Бағдарлама аясында ұлттық спорт ойындары, көрмелер, концерттік бағдарламалар және татар ұлттық тағамдарының фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шараға Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов бастаған ресми делегацияның қатысуы күтілуде.

Сонымен қатар қалада көрнекті татар ақыны, публицист әрі қоғам қайраткері Ғабдулла Тоқайға бюст орнату жоспарланып отыр. Бұл жоба мәдени байланыстарды нығайтуға және тарихи мұраны дәріптеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1259036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді