
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС-не қарасты Амангелді кен орнында оқу дабылы өткізілді. Іс-шара №118 ұңғымасындағы «Ұңғыма сағасындағы өрт» тақырыбына арналды.
Жамбыл облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен шара барысында 29 қызметкердің төтенше жағдайдағы жедел әрекеті, өрт сөндіру дағдылары, адам өмірін құтқару және материалдық шығынның алдын алу әрекеттері пысықталды. Қызметкерлердің авариялық жағдайларға дайындығына жоғары баға берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1259232?lang=ru

Жауап қалдыру