
Апта ішінде Ақтау қаласы Полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың, топтық төбелестердің, буллингтің және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шараларды күшейтілген тәртіпте жүргізді.
🔹 Профилактикалық іс-шаралар барысында түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген, сондай-ақ сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз болған 81 кәмелетке толмаған анықталды. Аталған фактілер бойынша олардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
🔹 Сонымен қатар, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз қалған 2 кәмелетке толмаған Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына (ЦАН) уақытша орналастырылды.
🔹 Бұдан бөлек, көлік құралын басқару құқығы болмай тұра автокөлік басқарған 2 кәмелетке толмаған анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша олардың заңды өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612 және 615-баптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынды.
🔹 Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналарға қатысты профилактикалық шаралар қабылданып, заң талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақтау қаласы Полиция басқармасы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, олардың бос уақытын бақылауға және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа жол бермеуіне белсенді атсалысуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1259231?lang=ru

Жауап қалдыру