
Байғанин ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева ауданға барып, табиғи апат салдарынан зардап шеккен білім беру ұйымдарының жағдайымен танысты.
Жұмыс сапары барысында Қ. Мұхамбетқалиұлы атындағы мектеп-гимназия, Қарауылкелді №2 және №3 орта мектептері, Қарауылкелді орта мектебі, «Шұғыла», «Шаттық» және «Рауан» бөбекжай-бақшалары, сондай-ақ Байғанин техникалық колледжі араланды.
Қолайсыз ауа райының салдарынан аталған білім беру ұйымдарының шатырлары, терезелері және ғимараттардың сыртқы қабырғалары зақымданған.
Тексеру қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта қажетті қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Зақымданған білім беру нысандарындағы барлық қалпына келтіру жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. 1 қыркүйекке дейін барлық білім беру ұйымдары толық қалпына келтіріліп, тиісті талаптарға сәйкестендіріледі. Осылайша, оқушылардың жаңа оқу жылын қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда бастауы қамтамасыз етіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1259285?lang=ru

Жауап қалдыру