
Қостанай облысынан Түркістанға жолға шыққан отбасының кәмелетке толмаған баласы Қызылорда облысының Қазалы ауданы аумағында аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, ауырып қалады. Ата-анасы баланың жағдайына байланысты жолдарын жалғастыра алмай, жол жиегіне тоқтаған. Осы сәтте аталған бағытта қызмет атқарып жүрген Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқап, мән-жайды анықтайды. Жағдайдың шұғыл екенін түсінген полицейлер бірден жедел жәрдем шақырып, медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы қажетті көмек көрсеткен. Кейін жедел жәрдем бригадасымен бірлесіп, арнайы көліктің медициналық мекемеге кедергісіз әрі уақтылы жетуін қамтамасыз еткен. Балаға алғашқы медициналық көмектің көрсетілуіне ықпал еткен полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеті үшін баланың ата-анасы ерекше риза. Олар қиын сәтте қол ұшын созып, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен тәртіп сақшыларына шынайы алғыстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1259310?lang=ru

Жауап қалдыру