Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Қазақстанның цифрлық басымдықтары мен Data Center Valley жобасын таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті. Ол кездесудің әлемдік ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхайда, Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында өтуінің ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Президент қатысушыларға Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы басымдықтарын таныстырып, технологиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жасанды интеллектіні болашақ экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырады және халықаралық инвесторларды тарту үшін заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамытып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/1259381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді