ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СЫМБАТ ТӨРЕТАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 шілде күні Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Аудан басшысымен тікелей тілдесіп, түйткілді сауалдарына жауап іздеп келген азаматтардың қарасы қалың болды. Қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік-экономикалық сипаттағы, оның ішінде тұрғын үймен қамту, жер телімдерін заңдастыру және елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға қатысты бірнеше өзекті мәселе көтерілді. Әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы заң талаптарын негізге ала отырып, көтерілген мәселелердің мән-жайын жан-жақты түсіндіріп, оларды шешудің құқықтық тетіктерін атап көрсетті.

Тұрғындармен ашық диалог орнатуға бағытталған бұл жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен жауапты мамандар да қатысып, әр өтініш бойынша нақты уақытында заңдық тұрғыдан ресми мәліметтер берді.

Сымбат Төретаев заң аясында дереу шешілуі тиіс өтініштер бойынша салалық бөлім жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалу мерзімін өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

Ал қосымша уақыт пен жан-жақты зерттеуді қажет ететін, сондай-ақ қаржыландыру мәселесіне тікелей байланысты сұрақтарды белгіленген заңнама аясында кезең-кезеңімен қарастырылатынын жеткізді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1259418?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді