«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы                                    30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамддар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларында:

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты осы Қағидаларға 3-1-қосымшамен көзделеді.»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Өтініш беруші порталда жеке көмекші қызметіне тапсырысты ресімдейді және оны өнім берушіге жібереді.»;

37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өнім беруші тапсырысты қабылдау туралы хабарландырумен бір мезетте өтініш берушіге және жұмыспен қамту қалалық басқармасына немесе бөліміне жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шартын қол қоюға жібереді.»;

мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

«37-1. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсету шарты қол қоюға түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны өтініш беруші мен  жұмыспен қамту қалалық басқармасы немесе бөлімі қарайды және қол қояды.»;

38-тармақта:

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Есепке алу тек қызметтің көрсетілу фактісі мен көлемін тіркеу үшін жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке көмекшінің қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) – АОЖБ-ны жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.»

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. АОЖБ-да көзделген қызметтер көлемі қызмет көрсетудің міндетті күнделікті көлемін белгілемейді. Қызмет көрсету қажеттілік туындауына қарай жүзеге асырылады.

Жеке көмекшінің бір қызметі үшін ақы мөлшерін есептеу бір алып жүру қызметі бойынша  қызмет көрсету уақыты 4 сағаттан және айына барлығы 60 (алпыс) алып жүру қызметінен аспайтын  бір қызмет үшін тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 54,56 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі. Төлем іс жүзінде көрсетілетін қызметтер үшін жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметтер санын:

  • мүгедектігі бар адамдардың объектілерге бару жиілігін ескере отырып, өңірлік ерекшеліктер негізінде;

2) мәдени-бұқаралық және өзге іс-шаралар объектілеріне бару үшін жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай ұлғайта алады.»;

42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Жеке көмекші қызметтері үшін кепілдендірілген соманы өтеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілген қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Жеке көмекші қызметтері үшін төлем өнім беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес жеке көмекшімен алып жүру парағын берумен, қалалық басқармалар немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне ұсынған (бұдан әрі – төлемге арналған құжаттар) күннен кейін 10 (он) күн ішінде жүзеге асырылады.

Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Өнім беруші бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған кезде төлем құжаттарын қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қолын қоймай ұсынады.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне оның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

А. Ертаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/1259430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді