
Жаздың ыстық күндерінің басталуына және өрт-қауіпті кезеңінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты Қаратал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтарды табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Мангалды дұрыс пайдаланбағаны, от жағу және қоқыс өртегені үшін айыппұл көзделген, ал ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін.
Сенбіліктер өткізу, үй маңындағы аумақтарды, бақша және саяжай учаскелерін тазалау кезінде ерекше сақтық сақтау қажет.
Құрғақ, ыстық және желді ауа райында от жағуға және қоқыс өртеуге тыйым салынады.
Қолайлы ауа райы жағдайында от жағуға және қалдықтарды өртеуге тек арнайы белгіленген орындарда, тұрақты бақылаумен және ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта ғана рұқсат етіледі.
Мангал, барбекю немесе гриль дайындау аймағы құрылыстардан кемінде 10 метр қашықтықта пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте жанында міндетті түрде өрт сөндіргіш немесе көлемі кемінде 10 литр су құйылған ыдыс болуы тиіс.
Сондай-ақ, толық сөндірілмеген темекі, сіріңкелер мен алауларды тастауға, құрғақ шөпті өртеуге, балалардың отпен ойнауына жол беруін еске саламыз.
Үйдің немесе саяжай учаскесінің аумағын құрғақ шөп пен жанғыш қоқыстан үнемі тазалап отыру қажет.
Өрт белгілері анықталған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Егер кәуапті талаптарды бұза отырып, мысалы, үйге тым жақын жерде, су дайындамай немесе құрғақ шөптің үстінде пісірсеңіз, ескерту немесе 21 625 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.
Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 43 250 теңге.
Егер бұзушылық салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, бірақ материалдық залалға немесе адамның денсаулығына зиян келтіруімен өрт орын алса, айыппұл мөлшері 43 250 теңгеден басталуы мүмкін, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу талап етілуі мүмкін. Ұлттық парктерде жекелеген ережелер қолданылады.
Қалған жағдайларда бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болып есептеледі. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес жеке тұлғалар үшін айыппұл 43 250 теңге, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 129 750 теңгені құрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1259453?lang=ru

Жауап қалдыру