Жамбыл облысында полиция ірі көлемдегі марихуананың заңсыз айналымына тосқауыл қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында полицейлер 24 келіден астам марихуананың таратылуына жол бермеді.

“Қарасора – 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінің “Бүркіт” арнайы мақсаттағы жасағы аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті.

Шу ауданының Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқапта полицейлер 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, одан есірткіге ұқсас зат тапты.

Оқиға орнындағы тергеу әрекеттері барысында орақ, қолғап, сондай-ақ өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған төрт орама тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 24 келіден асатын марихуана екені анықталды.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ер адамның заңсыз түрде жабайы өсетін қарасораны жинап, оны кептіріп, сатуды жоспарлағанын анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1259473?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді