
ЖЕТІСАЙДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Су – тіршіліктің нәрі. Сондықтан, табиғаттың осы баға жетпес байлығын тиімді басқарып, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Осыған орай, Жетісай ауданында су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-
шара өтіп, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш, ағын су және ауыз су шаруашылығы саласының қызметкерлері, сала ардагерлері мен мекеме өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, су шаруашылығы саласы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауыл шаруашылығының өркендеуіне тікелей ықпал ететін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол өңірдің тұрақты дамуына, халықты сапалы ауыз сумен және егін алқаптарын қажетті ағын сумен қамтуға өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарының адал еңбегіне ризашылығын білдіріп, барша қызметкерлерге зор денсаулық, отбастарына амандық және толағай табыс тіледі. Өз ісіне адалдық танытып, жауапкершілігі жоғары қызметті абыроймен атқарып жүрген бірқатар мамандарды Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен «ҚазСуШар» РМК бас директоры Әнуар Өскенбаевтың, «ҚазСуШар» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры Мерлан Керімжановтың алғыс хаттарымен марапаттады. Сала ардагерлерінің көп жылғы қажырлы еңбегі, олардың тәжірибелері мен өнегелі жолдары кейінгі буын мамандарына үлгі екенін ерекше атап өтті.
Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1259574?lang=ru

Жауап қалдыру