Кезекті кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кезекті кездесу

 

Ағымдағы жылғы 17 шілде күні «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында аудан прокуратурасының бастамасымен Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп «Молсервис» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Іс-шараға кәсіпорынның 14 қызметкері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ жұмыс орындарында өндірістік жарақаттардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға еңбекті қорғау, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығы жөнінде түсіндірме берілді.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/1259602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді