ШҚО-да мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және қызметтік әдеп талаптарының сақталуы мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М. Беккужина мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» талаптарының сақталуына арналған семинар өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері, мемлекеттік қызметшілердің адалдығын, заңдылықты, ашықтықты және жоғары кәсіби мінез-құлық қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.

Семинар барысында қызметтік және атқарушылық тәртіпті, қызметтік әдеп нормаларын жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы жоғары адамгершілік және моральдық қағидаттарға сай болуы, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етуі және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық көзделген нормалары түсіндірілді. Атап айтқанда, құмар ойындарға және бәс тігуге тәуелділікке (лудоманияға), қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге немесе мас күйінде жүруге, темекі өнімдерін белгіленбеген орындарда тұтынуға, мемлекеттік қызметшінің жоғары мәртебесіне сәйкес келмейтін өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері қарастырылды.

Іс-шара қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын қатаң сақтау, адалдық, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алу, қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, күнделікті өмірде де мінсіз мінез-құлық таныту қажеттігі жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1259634?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді