
Ағымдағы жылдың 16 шілде күні аудан әкімінің аппаратының үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша жиын өтті. Жиынға ауданымызға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов қатысты. Алдымен аудан басшысы Нұрлыбек Даумов құрметті мейманға қасиетті өлкеге «қош келдіңіз!» айтып, аудандағы мемлекеттік қызмет саласына қатысты жұмыстарға тоқталды. Одан әрі Мұрат Сейілбекұлы Мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістерге тоқталып, жиынға қатысушы мемлекеттік қызметшілердің қойған сауалдарына жауап беріп, жиын қорытындыланды.
Жиынан кейін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдаудан соң, сондай-ақ, аудандық мекемелердің қызметтік автокөліктеріне мақсатсыз пайдалануын алдын-алу бойынша жапсырма қағаздары жапсырылып, заңнама түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1259696?lang=ru

Жауап қалдыру