
Мәдениет – ұлттың рухани келбетін айқындайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамның бірлігін нығайтатын маңызды сала. Сырдария ауданында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени өмірді жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Бүгінде ауданның мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде «Адал адам» мәдени-тәрбие тұжырымдамасы аясында 140 үйірме тұрақты жұмыс істейді. Үйірмелерге 1699 өнерпаз қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Жыл басынан бері ауданның мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде тұрғындардың рухани-мәдени өмірін жандандыруға бағытталған 775 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.
Биыл маусым айында ауданның мәдениет саласының ардагерлерінен құралған «Алтын қазына» ансамблі мен аудан өнерпаздары «Сұлу Сырдан – жасампаз Жайыққа» атты концерттік бағдарламамен Орал қаласына гастрольдік сапар жасап, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін кеңінен насихаттады.
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасына сәйкес, облыстық «Кітап керуені» акциясының ашылу салтанаты Нағи Ілиясов ауылында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ауданда «Кітап оқы да, кемелден» жобасы ұйымдастырылып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға жұмыстар жүргізілетін болады.
Есепті кезеңде аудан өнерпаздары 5 халықаралық, 11 республикалық, 27 облыстық байқауға қатысып, жоғары жетістіктерге жетті.
Өнер мен мәдениетті өркендету, ұлттық мұраны ұлықтау және рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытындағы бастамалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-qalzhanakhun/press/news/details/1259752?lang=ru

Жауап қалдыру