Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебінен шығару

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Салық төлеуші қосылған құн салығын төлеушінің тіркеу есебінен:
жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;
салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады.
Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне ауысқан кезде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген хабарламамен бір мезгілде салық органына салық бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
         Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:
банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап;

         банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;

заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

         заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап;

          заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап; 

дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап;

          жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.
          Көрсетілген ережелер салық төлеушінің тіркеу есебіне шартты түрде қойылуға жататын салық төлеушілерге қолданылмайды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1259772?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді