ҚР Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған онлайн-семинар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі №26/52 қаулысымен бекітілген «Сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру» жөніндегі жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті. Семинарға өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинар барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастырудың негізгі кезеңдері, сайлау комиссиялары қызметінің ұйымдастырушылық ерекшеліктері, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі, сайлау науқанын қаржыландыру, заңнамадағы жаңашылдықтар мен құқықтық мәселелер жөнінде баяндама жасады. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Аталған семинар электоралдық оқытудың каскадтық жүйесінің бірінші кезеңі шеңберінде өткізілді. Алдағы уақытта екінші және үшінші кезеңдер аясында кәсіби тұрақты негізде жұмыс істейтін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қалған мүшелерін, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыратын болады.

Сонымен қатар, білім деңгейін бағалау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиялары мүшелерін кезең-кезеңімен қашықтықтан тестілеуді ұйымдастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1259807?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді