
«Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына еңбек құқықтары мен түнгі уақыттағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Жаңаөзен қаласы прокуратурасы және Маңғыстау облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің Жаңаөзен қаласы бойынша бөлім басшысы Жәдігеров Сұлтанбек Маршалбекұлының қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына арналған түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кездесу барысында жасөспірімдерге еңбекке орналасу кезінде олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын жасасу тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, заңнамада тыйым салынған жұмыстар, сондай-ақ жұмыс берушілердің жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруіне қатысты заң талаптары, оның құқықтық салдары және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Кездесу соңында жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заң талаптары бойынша толыққанды жауаптар алды.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1259848?lang=ru

Жауап қалдыру